HomeЖаңалықтаржаңалықтарСеріктестік қызметкерлерін ішкі оқыту ұйымдастырылды

Серіктестік қызметкерлерін ішкі оқыту ұйымдастырылды

«Oil Construction Company» ЖШС-де ішкі оқытуды дамыту және серіктестік ішіндегі қызметкерлерге өндірістік және басқарушылық міндеттерді шешу үшін қажетті кәсіби білім мен дағдыларды қамтамасыз ету мақсатында компанияның арнайы оқытылған қызметкерлері сабақтар өткізді. Әр бөлімге бекітілген жаттықтырушылардың әр түрлі тақырыптары бар: еңбекке ақы төлеу және адам ресурстарын басқару бөлімінің сарапшысы М.Серікбаева «еңбекке ақы төлеу», заң бөлімінің заңгер-кеңесшісі Н. Оразов «шартты өзгерту және бұзу», Ақпараттық технологиялар тобының жетекшісі К. Сейдахметов «Ақпараттық қауіпсіздік», әлеуметтік саясат және әкімшілік — шаруашылық бөлімінің қызметкері И.Сатенбаева» әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану және компания бренді», сатып алу және материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің басшысы А. Мұсатайұлы» Самұрық-Қазына «ҰӘҚ»АҚ сатып алуды ұйымдастыру тәртібі» тақырыбында сабақ берді. Алдағы уақытта жоспар бойынша еңбек қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек қатынастары, есепке алу қатынастары бойынша сабақтар өткізілетін болады. «Ішкі оқыту мамандарға пайдалы. Бұл бұрыннан қолданылып келе жатқан шара. Біз оны үнемі жалғастырамыз және өткіземіз. Әрі қарай жалғасатын болады», — деді оқыту жөніндегі маман Ф.Ирғалиева.