HomeЖаңалықтаржаңалықтарОқу-жаттығу өтті

Оқу-жаттығу өтті

«Oil Construction Company» ЖШС бас стақанындағы кеңсе ғимаратының өртенуі. Өрт кезіндегі қызметкердің әрекеттері». Оқу-жаттығу Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қатысуымен ұйымдастырылды. Бас кеңседе өрт дабылы автоматты түрде іске қосылған кезде, барлық қызметкерлер орталық кеңсе ғимаратының алдында орналасқан қоймаға дүрбелеңсіз жиналды. Оқу-жаттығу жиынына 64 кеңсе қызметкері, 2 күзетші, 10 өрт сөндіруші және 2 жедел жәрдем қызметкері қатысты. Жаттығудан кейін қоршаған ортаны қорғау және еңбек, қауіпсіздік техникасы бөлімінің басшысы Ж. Құлбаев: «жоспарлы өрт және эвакуациялық жаттығулар «Oil Construction Company» ЖШС-де өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі болып табылады. Оқу-жаттығуларды өткізу кезінде барлық талаптар мен шаралардың сақталуы персонал мен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайларға тиімді ден қоюға мүмкіндік береді».